Жапония соты Apple-дың плагиаттығын дәлелдеп, 3 млн доллар айыппұл төлетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония Жоғарғы соты бейсенбі күні төменгі инстанцияның шешімін растады. Осылайша, елдің патент заңнамасын бұзғаны үшін Apple-ге шамамен 3 млн доллар көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады «Киодо» агенттігі.
Сотта Apple iPod плеері үшін өнертапқыш Норихико Саитодан дизайнның негізгі элементін - «click wheel» сенсорлық шеңберін заңсыз алғаны дәлелденді.
Сот Саитоның өтемақы көлемін ұлғайтуды сұрауын қабылдамады. Нәтижесінде компанияға 330 млн йен немесе 2,74 млн доллар айыппұл салынды.
Apple жуырда жаңа өнімдерімен таныстырды. Компанияның жаңа өнімдерінде «click wheel» механизмі пайдаланылмайды.
Фото: Dado Ruvic