Жапония SS-520 зымыранын ұшыруды тағы кейінге қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - SS-520 зымыран тасығышын қайта ұшыру мерзімін 28 желтоқсаннан қаңтардың ортасына шегерді, деп хабарлайды ТАСС Жапония аэроғарыштық зерттеулер агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония SS-520 зымыранын ұшыруды тағы кейінге қалдырды

Мерзімнің кейінге қалдырылуына зымыранды тексеру кезінде техникалық ақаудың табылуы себеп болған. Алайда, қандай сипаттағы ақаудың табылғаны туралы ақпарат берілмей отыр

Айта кетейік, SS-520 ықшам зымыраны алғаш рет қаңтарда ұшырылып, ол сәттіз болған еді. Зымыранның ұзындығы 9,54 метр, диаметрі 52 сантиметр, ал салмағы - 2,6 тонна. Оны құрастыруға 3,6 млн АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалған.