Жапония тарихында алғаш рет әйел адмирал атанды
Жапонияның Қорғаныс министрлігі ел тарихында алғаш рет әйелге жоғары адмирал атағын беру жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұрын вице-адмирал шенімен аға әскери-теңіз күштерінің командалық құрамын дайындау мектебін басқарған 57 жастағы Нацуэ Кондо жоғары адмирал атанды. Қазір ол Жапон жағалауындағы қорғаныс күштерінің қолбасшысы қызметін атқарады.
Елдегі құрлық пен әуе күштерінде де әйелдер генералдық дәрежесінің жоғары деңгейіне көтерілген емес.
Қазіргі уақытта Жапонияның Қорғаныс министрлігі қарулы күштердегі қолбасшылық лауазымдардағы әйелдердің санын арттыру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. 2025 жылға қарай олар майор және одан жоғары шендегі офицерлер мен генералдардың кемінде 5 пайызын құрауы тиіс.
2018 жылдың наурыз айында Бірінші дәрежелі капитан Рёко Адзума төрт әскери кеме, соның ішінде Жапонияның ең ірі тікұшақ тасымалдаушысы Идзумо тобына қолбасшылық еткен тарихтағы алғашқы әйел болды. Қазіргі уақытта кеме қысқа ұшуы және вертикал қонуы бар F-35B жойғыш-бомбалаушы ұшақтарын тасымалдайтын жеңіл ұшақ тасығышқа айналдырылып жатыр.