Жапония үкіметі бала өліміне байланысты арнайы отырыс өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда ата-анасының өз баласын өлтіруі ел үкіметінің арнайы отырысын өткізуге себеп болды. Бұл туралы жұма, 8 ақпан күні NHK телеарнасы хабарлады.

Жапония үкіметі бала өліміне байланысты арнайы отырыс өткізді

«Барлық күшті балаларды жәбірлеуді жоюға, бала өмірін қорғауды басымдыққа алуға бағыттауымыз қажет», - делінген хабарламада.

10 жасар қыз баланы өлтіру себептерінің бірі қамқорлыққа алу органдарының әрекетсіздігі болған. Олар өзін өлімші етіп қинаған әкесіне көмек беру туралы баланың жазған өтінішін қараусыз қалдырған.

Премьер-министр Синдзо Абэ бір айдың ішінде барлық балалар консультацияларында ата-аналардың өз балаларына жәбір көрсетіп, соққыға жығу оқиғаларын анықтау үшін шұғыл тексеру жүргізуді тапсырды.

Бұдан басқа, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қамқорлық органдары мен құқық қорғаушылардың өзара әрекеттестік жүйесін құруға тапсырма берілген.