Жапония үкіметі қарулы күштерге ұрыс қимылдарына қатысуға рұқсат беретін тарихи қарар қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-министр Синдзо Абэ басқаратын Жапония үкіметі Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет шетелдерде белгілі бір жағдайларда, оның ішінде «достас елдерді» қорғау үшін күш қолдануға рұқсат беретін қарар қабылдады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Жапония үкіметі қарулы күштерге ұрыс қимылдарына қатысуға рұқсат беретін тарихи қарар қабылдады

Жапонияның қазіргі конституциясында ұлттың ерікті құқығы ретінде соғыстан, халықаралық дауды шешуде күш қолданудан бас тартатыны жөнінде жазылған.

Қарарды қабылдау Токионың қорғаныс саясатындағы бетбұрысты өзгеріс болды, оған қарсы мыңдаған адамдар қатысқан шерулер де орын алды. 1954 жылдан елде заңдық шектеулер қойылған қарулы күштер қайтадан құрылған болатын.