Жапония үкіметі Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күреске 15,5 млн доллар бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу Шығыс пен Африка елдерінде лаңкестікпен күрес шараларын арттыруға Жапония үкіметі 1,83 миллиард иен (15,5 миллион доллар) бөлетінін жария етті, деп хабарлады РИА Новости.

Жапония үкіметі Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күреске 15,5 млн доллар бөледі

Сейсенбіде Жапония СІМ басшысы Фумио Кисида журналистерге берген сұхбатында ол туралы 18-19 ақпанда Вашингтонда өтетін Халықаралық террорға қарсы саммит барысында ресми жария ететінін айтты.