Жапония ЮНЕСКО-ға төлемдер жасауды тоқтатуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне 1937 жылғы қытайлық Нанкин қаласындағы қырғын туралы құжаттарды енгізгеннен кейін ұйымды қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін, деп хабарлады РИА «Новости».
Баспасөз мәслихатында Жапонияның ЮНЕСКО-ға ақша бөлуін тоқтату мәселесі туралы сұраққа министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга: «Бұл шешімге қатысты іс-әрекеттің барлық нұсқасын қарастырып жатырмыз, - деп жауап берді .
Жапониялық СІМ Қытай ұсынған құжаттарда тарих бұрмаланғанын айтты. Жапония өкілдері сонымен қатар ұйым қызметін реформалау үшін талпыныстарын ары қарай жалғастыратынын айтты.