Жапония ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының тізіміне камикадзе хаттарын енгізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның билік өкілдері Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) әлемдік мұра тізіміне камикадзенің өсиеті мен 333 хатын енгізу туралы өтініш жолдады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Жапония ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасының тізіміне камикадзе хаттарын енгізуді ұсынды

Құжат өлім жазасына кесілген осы адамдарға арналған Әлем музейі орналасқан Минами-Кюсю қаласының әкімшілігі атынан жазылған. Музейде камикадзеге қатысты 14 мың фото, хат және өзге де құжаттар сақталған.

Жанкешті-ұшқыштар отряды 1944 жылдың қазан айынан өз ісін бастаған болатын. Шамамен 4 мың камикадзе дайындалған. АҚШ ақпараты бойынша, олардың шабуылы нәтижесінде 34 кеме суға батырылып, 300-ге жуығы зақымданған.