16:36, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Жапония жағалауларында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік шығысындағы Хонсю аралының маңында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің орталығы Фукусима қаласынан 270 шақырым жерде, ал жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан.