Жапония жағалауларында 6,2 баллдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Жапониядағы Хонсю аралының шығыс жағалауында сәрсенбі күні 6,2 баллдық жер сілкінісі болды.
Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
Жер сілкінісінің кіндігі Токио қаласынан 418 шақырым жерде, ал тереңдігі 37 шақырымда болған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі хабарланбады.