Жапония жағалауларында жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапония жағалауларында магнитудасы 5,1 баллға дейін жеткен жер сілкінісі тіркелді,
деп хабарлайды РБК. АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәлімдеуінше, жер асты дүмпулерінің кіндігі Мияко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 89 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы 44 шақырым тереңдіктен білінді. Цунами қаупі туған жоқ.
2011 жылдың наурыз айында Жапонияда орын алған қуаты 9,0 балл болған жер сілкінісінен кейін ел жағалауында аса күшті цунами соғып, 20 мыңға жуық адам ажал құшқан еді.