Жапония жағалауында 5.3 баллдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Жапония жағалауында тербелісі 5,3 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлады.
Сейсмологтардың мәліметі бойынша, зілзала кіндігі Хонсю аралындағы Иваки қаласынан 82 шақырым қашықтықта 15,8 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпуі мәскеу уақыты бойынша 05.38-де тіркелген. Цунами қаупі, зардап шеккендер және қираулар туралы әзірге ештеңе хабарланған жоқ.