Жапония жағалауында бортында 17 адам болған тікұшақ құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония жағалауында ішінде бортында17 адам болған АҚШ ӘҚК-нің тікұшағы құлады.

Жапония жағалауында бортында 17 адам болған тікұшақ құлады

Оқиға жапондық Окинава префектурасының жағалауында тіркелді. Әскери ведомствоның хабарлауынша, тікұшақта болған барлық 17 жолаушы құтқарылды. Жарақат алған жеті адам ауруханаға жеткізілген, олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Американдық әскерилер әзірге болған оқиға туралы еш түсініктеме бермей отыр, тікұшақтың моделі де белгісіз