12:21, 21 Сәуір 2013 | GMT +5
Жапония жағалауында қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияға тиесілі Идзу аралында, Токионың оңтүстігінде Тынық мұхитында қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.
АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:22-де Хатидзедзима аралының оңтүстік-батысына қарай 360 шақырым жерде орын алған. Зілзала ошағы мұхит астында, 424 шақырым жерде.
Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат таратылмады.