Жапонияда 100 жастағы кейуананың өлеңдер жинағы бестселлер атанды

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапонияда 100 жастағы кейуананың романтикалық өлеңдер антологиясы бестселлерге айналып отыр,

Жапонияда 100  жастағы  кейуананың өлеңдер жинағы бестселлер  атанды

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Тохан» баспасының хабарлауынша, ғасырмен құрдас Тоё Сибата ханымның өлеңдер жинағы осымен екінші апта қатарынан танымал туындылардың көшбасында тұр.

«Уайымдама» деп аталатын кітаптың тиражы рекордтық көрсеткішке - 1,5 миллион данаға жетті. Әдетте Жапонияда 10 мың дананың өзі үлкен сәттілік саналады.

Сибата ханымның өлеңдері - махаббат, арман туралы. Әзіл-оспақ өлеңдері де жоқ емес. Ақын бір өлеңінде 98 жасында ғашық болғанын айтады.

Кейуана өзінің әдеби шығармашылығын 92 жасында, ұлының кеңесі бойынша бастаған көрінеді.