Жапонияда 16 мыңға жуық адамның өмірін қиған зілзала құрбандарын еске алуға арналған шаралар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда осыдан төрт жыл бұрын 2011 жылдың 11 наурыз күні жер сілкінісінен қаза болғандарды еске алуға арналған шаралар өтіп жатыр, деп хабарлады rg.ru.
2011 жылы зілзаладан 15 870 адам қаза тауып, 6 мыңнан астам адам жараланған. Үш мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті. Жарты миллион адам баспанасыз қалды. Жапонияның Mainichi басылымының хабарлауынша, Тохоку университетінің профессоры Синдзи Тода осы жер сілкінісінен кейін аралда жер асты дүмпулерінің арасы жиілеп кеткенін айтқан. Жапонияның Метеорология агенттігінің ақпаратына сүйенсек, 2014 жылғы 11 наурыздан бастап, 2015 жылғы 9 наурыз аралығында Хонсю аралының солтүстік-шығысында 1-ден 7 баллға дейін 737 жер сілкінісі тіркелді. 2011 жылы болған зілзалаға дейін Хонсюдің солтүстік-шығысында 306 жер сілкінісі болған. Ғалымдар болашақта Жапонияда бұдан да қуатты зілзала болуы мүмкін деп ескертеді.