Жапонияда 2019 жылы жаңа император таққа отырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Жапонияның жаңа императоры таққа отыруы мүмкін.
Жапондық "Санкэй" газеті ел билігі жаңа жылдық мерекеде мұрагер Нарухитоның таққа келуіне байланысты рәсім ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл халық үшін қолайсыздықты азайту мақсатында жасалуда.
2017 жылғы мамырда елде қазіргі император Акихитоға оның тақта отырғанына 30 жыл толуына орай өз еркімен тақты босатуға ықпал ететін арнайы заң қабылданады деп күтілуде.