Жапонияда 31 жыл қатарынан бала саны азайып келеді
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жапонияда 31 жыл бойы қатарынан бала саны азайып келеді, деп хабарлады Лента.ру.
Жапония Үкіметі бұл болжамды 5 мамырда аталып өтетін Балалар күні қарсаңында жария етті.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Жапониядағы 15 жастан кші балалар саны 16 млн. 650 мың адамды құрап отыр. Бұл ең төменгі рекордтық көрсеткіш болып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 120 мың адамға аз.
Жалпы халықтың құрылымындағы балалар саны да 13 пайызға дейін төмендеді. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пунктқа аз және рекордтық төменгі көрсеткіш болып табылады.