Жапонияда 4,9 балл қуатымен жер сілкінді
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияда 4,9 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің кіндігі Хачиджо-Джима аралынан шамамен 44 шақырым жерде орналасты.
Бұл туралы РБК хабарлауда.
Зілзала ошағы 34,8 шақырым тереңдікте орналасты. Жақын орналасқан қала Хонсю аралындағы Хамамацу қаласы болды.
Еске салайық, 2011 жылдың наурызында Жапонияда 9,0 балл қуатымен жір сілкініп, артынша ел жағалауына алапат цунами төнді. Табиғи апаттың салдарынан 20 мың адам көз жұмды. Онымен қоса, табиғи катаклизмалар «Фукусима-1» атом электрстансысында апат туғызды. Онда бірнеше жарылыс болып, радиация ауаға тарады.