Жапонияда 5,5 магнитудасымен жер сілкінісі болды
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сенбіде Токиодан алыс емес аумақта 5,5 магнитудасымен жер сілкінісі болды. Бұл туралы Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы хабарлады.
Жерасты дүмпуінің ошағы Тиба префектурасында болса да, алайда жер сілкінісі елдің 16 префектурасында (аймақтарында) байқалды.
Зардап шеккендер жайында мәліметтер таратылмады, сондай-ақ цунами қатері туралы да жарияланған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Жапонияда 9 магнитудасымен жойқын жер сілкінісі болып, «Фукусима-1» атом электр стансасына елеулі зақым келген болатын.