Жапонияда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, жапа шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 шілдеде таңертең Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің магнитудасы - 5,7 балл.
Алдын ала болжам бойынша кем дегенде 3 адам өміріне қауіп төндіретін жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Жер сілкінісі салдарынан жолдар бүлініп, көлік қозғалысы бұзылды.
Мамандар жер сілкінісінің ошағы елдің солтүстік батысында, шамамен 60 шақырым тереңдікте болғанын мәлім етті.