Жапонияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда тағы да жер сілкінді болды, деп жазады «Хабар 24».

Жапонияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Бұл жолғы зілзала 6,1 баллды құраған. Жерасты дүмпуі Фукусиманы қосқанда елдің солтүстік шығысындағы 17 префектурада сезілді.

Жергілікті метеорологтар цунами болуы мүмкін екенін айтып отыр. Алайда оның қуаты аз болғандықтан, аса қауіпті емес дейді. Зілзаладан қираған немесе зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Жапонияның дәл осы бөлігінде 7,4 балдық жер сілкінісі тіркеліп, биіктігі 1 метрден асатын цунами жүрген болатын.