Жапонияда 9 адам мерекелік күлшеге қақалып өлді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде шамамен 9 адам күріштен жасалған күлшеге қақалып қалған. Бұл туралы www.bbc.co.uk сайты хабарлайды.
Моти деп аталатын күлшелер жапон халқының ұлттық тағамы саналады, ал жаңажылдық мейрамда бұл асқа сұраныс тіпті арта түседі.
Билік өкілдері нанның бұл түрін жақсылап шайнап, сонан соң ғана жұтуға кеңес береді. Себебі тамақта тұрып қалып, тыныс алу мүшелерінің жолдарын бітеп тастау қаупі жоғары.
Yomiuri газетінің хабарлауынша, тамақтарына моти тұрып қалған 128 адам ауруханаға жеткізілсе, олардың 9-ының өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. Олардың басым бөлігі қарттар екен, деп жазады 24.kz.