Жапонияда адамдардың келбетін анықтайтын жүйе пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио іргесінде өтіп жатқан халықаралық көрмеде жергілікті өнертапқыштар осындай технологияны көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Бұл жүйе ел көп жиналатын шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз септігін тигізуі тиіс. Яғни келушінің бет-бейнесін билетті брондау кезінде жүктелген суретпен салыстырады.
Қауіпті жағдайлардың алдын алудан бөлек технология, сондай-ақ алыпсатарлар мәселесін де шешуге көмегін тигізеді. Оның үстіне келушілер мен олардың билетін тексеру уақытын да айтарлықтай қысқартады.
«Біздің қолымызда ауқымды шараға жиылған адамдардың барлығы жайлы мәлімет болады. Осылайша, келушілер өзінің амандығы үшін еш алаңдамай, сүйікті концертін, не спорттық ойынын тамашалай алады», - дейді Tapirs Co компаниясының атқарушы директоры Такааки Комисава.