Жапонияда адамды бір тәулікте тұмаудан жазып шығара алатын дәрі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда адамды бір тәулікте тұмаудан емдеп шығара алатын дәрі шығарылып, тестіленді, деп жазады Би-би-си.
None
None

Жаңа препарат вирусқа оның көбеюі үшін қажетті ферменттердің қосылуына жол бермейді. Дәрі алғашқы клиникалық сынақтардан өтіп, өз тиімділігін көрсетті. Фармацевттер толық сауығып кету үшін препаратты бір тәуліктің ішінде қабылдау жеткілікті екеніне сенімді.

Қараша айында өңдеуді тәжірибелік қолданудың екінші кезеңі жоспарланған. Тұмаумен ауыру оқиғаларының саны күрт өскен кезеңде дәріні бірнеше жүздеген пациентке беріп сынақтан өткізеді.

Дәрінің тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген соң, ол лицензиялау процедурасынан өтеді. Препаратты дәріханаларда 2018 жылдан бастап сатып алуға болатыны күтілуде.

Тамызда американдық ғалымдар адамды тұмаудың кез келген түрінен өмір бойы қорғауға қабілетті вакцинамен жұмыс жүргізіліп жатқанын жариялаған. Жануарларға егіліп тестіленген бұл вакцина жақсы нәтижелер көрсетті, енді мамандар препараттың адамға қалай әсер ететінін анықтауда.

Қазіргі кезде тұмау вирусының екі мыңнан астам нұсқасы анықталған. Бірнеше жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялаған есебінде маусымдық эпидемиялар кезінде вирустың түрлі нұсқаларынан әлемде жыл сайын 250-ден 500 мыңға дейін адам көз жұматыны айтылған.

Соңғы жаңалықтар