Жапонияда әділет министрі Эйсукэ Моридің бұйрығымен үш қылмыскердің өлім жазасы орындалды

АСТАНА.  Шілденің 29-ы.  ҚазАқпарат -   Жапонияда          өлім жазасына   қарсы  халықаралық және    жергілікті     құқық қорғаушы  ұйымдардың    белсенді наразылықтарына   қарамастан, 

Жапонияда   әділет министрі  Эйсукэ  Моридің   бұйрығымен  үш  қылмыскердің  өлім жазасы  орындалды

әділет министрі Эйсукэ  Моридің     жазбаша    өкімі  бойынша     үш  қылмыскер  дарға асылды. Ол  туралы    жапондық    әділет  министрлігі  кеше  мәлім етті.

Өлім  жазасы     2005   жылы  екі  әйелді  өлтірген   25 жастағы Юкио  Ямадзиге,     1999 жылы    үш отандасын өлтірген   41 жастағы   қытайлық  азамат   Чэнь  Дэтунуге  және   өздеріне  қол жұмсауды  жоспарлаушы адамдар     пікірлесетін  сайтта    танысқан   үш  адамды  өлтірген 40 жастағы Хироси  Маэуэге   қатысты  орындалды,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.