Жапонияда АЭС-нан 50 шақырым жерде Сакурадзима жанартауы атқылап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония үкіметінде Сакурадзима жанартауы атқылай бастауына байланысты ақпарат жинап, шұғыл және құтқару қызметтерінің іс-әрекеттерін үйлестіретін арнайы штаб ұйымдастырылды.
Reuters порталынан хабарланып отырғандай, жанартау Жапонияның батысындағы Кагосима префектурасында орналасқан «Сэндай» атом электр стансасынан 50 шақырым жерде орналасқан.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпараттандыруынша, жанартаудың атқылауы қуатты, үстінен қара түтін көрініп тұр. Бақылау таспалары кратерден бірнеше ондаған метр биіктікке жоғарыға ыстық лаваның атқылауын тіркеген.