Жапонияда әлемдегі алғашқы көздің торлы қабатын ауыстыру отасы жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамға көздің торлы қабатын ауыстыру отасы әлемде алғаш рет жасалды. Ол өзек жасушасынан алынды. Ота жасалғаннан кейін бір тәуліктен соң оң нәтиже берді. Бұл туралы әдісті клиникалық сынақ өткізген жапондық мемлкеттік Жаратылыстану ғылымдары институтынан хабарлады.
Ота барысында мамандар макулодистрофиямен ауыратын 70 жастағы науқастың көзінің торлы қабатын ауыстырды. Әйел «көру аясы жарықтана түскенін айтқан». Рикэн мұны ойдағыдай нәтиже деп бағалауда. Сонымен бірге ғалымдар мұндай өзгеріс көз шарасынан қан денешелерінің ағуынан да болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан нақты тұжырым шығаруға әзірге ертерек.
Макулодистрофия көздің торлы қабатын зақымдайды және егде адамдардың соқыр болып қалуының негізгі себептерінің бірі. Бүгінгі күні бұл ауруды емдеу әдістері тек оның себептерін уақытша жоя алады.