Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапонияда алтыннан жасалған фри картобы мен тауық еті сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда «Макдоналдс» мейрамхана желісі жаңа науқанды бастады. Онда жеңімпаздар алтын наггетс (май ішінде піскен тауық еті) пен алтын фри картобына ие болмақ. Акция 28 маусымда аяқталады, ол наггетстерге арналған екі соусты (тұздықты) жарнамалауға арналған.

Жапонияда алтыннан жасалған фри картобы мен тауық еті сатылады

Осы жарнама науқанының Kaito Nuggets есімді жаңа кейіпкері елді аралап, көпшілік арасында шыға келуі тиіс. Оның қай жерде екені Туиттерде жарияланады, ал оған қатысу үшін кейіпкер арнайы фотоға түсіп, бұл суретті сол науқанның тэгімен жариялауы керек.

Алтыннан жасалған наггетс салмағы 50 грамм, ал оның бағасы шамамен 1 500 доллар. Ол науқанға арналғандықтан бұдан қымбат болуы да мүмкін.

Сонымен қатар жапониялық «Макдоналдс» фотобайқау өткізуде. Оның сыйлығы салмағы 50 грамдық құрайтын алтыннан жасалған фри картобы болады.