Жапонияда аптап ыстық 15 адамның өмірін қиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 шілдеден бері Жапонияда аптап ыстықтан кемінде 15 адам қаза тапты. Ал 8580 адамның басынан күн өтіп, ауруханаға жеткізілді.
Шетелдік БАҚ-тың Жапонияның Өрт қызметі басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, бұған дейінгі аптамен салыстырғанда ауруханаға жатқызылған адамдардың саны 2,6 есеге артып отыр.
Ауруханаға түскен адамдардың басым бөлігі - жапон астанасының тұрғындары. Күн өтіп, дәрігердің қарауына түскен Токио тұрғындарының саны - 620 адам.
Айта кетерлігі, Жапонияның басым аудандарындағы ауа температурасы 30 градустан асып жығылады. Сондықтан да тұрғындарға көшеге бас киімсіз шықпауға кеңес берілуде.