Жапонияда аптап ыстық салдарынан 1 адам қаза тауып, 730-ы аурухана түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның басым аумағында орын алған аптап ыстықтан бір адам қаза тапты. Тағы 735 адам ауруханаларға жеткізілді.
Бұл туралы Жапонияның орталық өрт сөндіру басқармасынан хабарлады. Басқарма мәліметінше, өткен аптаның басынан күннің ыстығынан зардап шеккен 4 мыңнан астам адам ауруханаға түскен.
Жапонияның басым бөлігінде термометр көрсеткіші 30 градустан жоғары болып тұр. Ниихама қаласында (Айти префектурасы) температура 37 градусқа дейін көтерілген. Токиода ол 33 градус көрсеткішінде болған.
Синоптиктердің болжауынша, елдегі ыстық ауа райы келесі аптаның басына дейін созылады.