Жапонияда аптап ыстық салдарынан 700 адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Жапонияда аптап ыстықтың салдарынан бір адам көз жұмып, 700-і аурухунаға жеткізілді, деп хабарлады NHK дүйсенбі, 16 шілде күні.
Ауруханаға жеткізілгендер туралы мәлімет жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де берілді. 700 адамның барлығында күн тию диагнозы белгіленді, деп хабарлады Лента. ру.
Айта кетейік, аптап ыстық Жапонияның батысы мен шығысында тіркелді. Елдің 60 ауданында ауа бағамы 35 градустан асып жығылуда. 16 шілде күні Токионың шет аймағында ауа температурасы 37,6 градус көрсеткішті, Токиода 33 градусты көрсетті.
Жапония соңғы күндері тек аптап ыстықтан емес, сондай-ақ су тасқынынан зардап шегуде. 14 шілдедегі мәліметтерге зер салсақ, жаңбырдың салдарынан Жапонияның оңтүстік-батысында кем дегенде 29 адам қаза болды немесе із-түзсіз жоғалды. Кюсю аралынынан 400 мың адамды қауіпсіз аймаққа көшіру жөнінде шешім қабылданды.