15:28, 04 Тамыз 2015 | GMT +5
Жапонияда аптап ыстық салдарынан бір аптада 20-дан астам адам қаза тауып, 11 мың адам ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда бір аптада қатты ыстық салдарынан 25 адам қаза тауып, 11,67 мың адам ауруханаға жатқызылды. Елдің өрт сөндіру басқармасы хабарлағандай, өткен үш аптада 300-ден астам адам қатты күн өткеннен ұзақ уақытқа ауруханаға жатқызылған. Олардың басым бөлігі - жасы 65-тен асқан адамдар.

Елдің барлық аумағында қатты ыстық сақталуда - термометр көрсеткіші кей өңірлерде 39 градусты көрсетуде. Дәрігерлер халыққа көп уақытын көлеңкеде өткізіп, тұрақты түрде сәл ғана тұз қосылған су немесе салқындатылған сусын ішуге кеңес беруде.
Жапонияда ыстық, ылғалды ауа райы шілденің басында басталды, деп жазады ТАСС.