23:33, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Жапонияда аптап ыстықтан 1 адам қаза тапты, үшеуі ес-түссіз жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы аптап ыстықтан зардап шеккендердің саны артып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Бір тәуліктің ішінде ыстықтан өзін жайсыз сезінген 870-тен астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Дәрігерлердің айтуынша, тағы 3 науқас ес-түссіз жатыр.
Елде күннің күрт ысығанына бірнеше күн болды. Кей жерлерде сынап бағаны 39 градусқа дейін көтерілген. Мамандар тұрғындарға сыртқа шықпай, салқындатқыштарды қолданып, үнемі су ішіп жүруге кеңес береді.