Жапонияда аптап ыстықтан зардап шеккендер саны мыңнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның көптеген аймақтарында болған аптап ыстық салдарынан бір аптаның ішінде 1 адам көз жұмып, мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады «РИА Новости».
None
None

Өткен аптаның ортасында Жапонияның көптеген жерлерінде, соның ішінде Токио, Осака және Фукуона сияқты ірі қалаларында термометр көрсеткіштері 31 градусқа дейін көтерілген. Нагоя, Киото және тағы басқа бірқатар қалаларда күндіз ауаның температурасы 34 градус ыстықты көрсетті. Сейсенбі, 2 маусым күні Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі елдің көптеген қалаларында, соның ішінде Токиода күн 29 градусқа дейін ыситынын болжап отыр. Ел мамандары көшеде көп жүру қауіпті екенін ескертіп, үнемі су ішіп отыруды және көшеде жұмыс істеп, спортпен айналысудан тартына тұруға кеңес берді. Қауіпті топқа егде жастағы адамдар мен балалар кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар