Жапонияда асханадан шыққан өрт 150 үйді күлге айналдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Ниигата префектурасында орналасқан Итоигава қаласында 10 сағатқа созылған ауқымды өрттен 150 тұрғын үй мен ғимарат жанып кетті.

Жапонияда асханадан шыққан өрт 150 үйді күлге айналдырды

Өрт кеше кешке басталған, жергілікті дәмханалардың бірінде өрт тұтанған. Желдің 20 метрден астам жылдамдықпен ұйытқи соғуынан өрт әп-сәтте көршілес үйлерді шарпып, бүкіл ауданға жайылған.

Өрт кезінде сегіз адамға иіс тиді: оның екеуі өртенген үйдің тұрғындары болса, алтауы - құтқарушылар. Өрт аумағынан 750 адам көшірілді.

Тілсіз жау ауыздықталды, ол қайтадан тұтанбауы үшін құтқарушылар аудан аумағын өртке қарсы реагенттермен тазалауда, деп жазды utro.ru.