Жапонияда Асо жанартауынан күл атқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Кюсю аралында орналасқан Асо жанартауы дүйсенбіде түтінді күл атқылады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Жапонияда Асо жанартауынан күл атқылады

Дәл сол кезде аспалы жолда 10-ға жуық турист болған, олардың барлығы эвакуацияланып үлгерді. Соңғы рет жанартау бір жыл бұрын оянған. Ол кезде күл мен от 1,5 шақырымға көтерілген. Таяу орналасқан Кумамото әуежайында ондаған рейстер кейінге шегерілген болатын. Асо - Жапониядағы 47 жанартаудың бірі. Өткен жылға дейін 20 жылға жуық жанартау белсенділік танытпаған. Өткен жылы қыркүйек соңында Онтакэ жанартауының атқылауы - соңғы 90 жылдағы ең қуаттыларының бірі болды. Соның салдарынан 63 адам қаза болды.