Жапонияда атом реакторында апат дабылы 4 рет іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы «Мондзю» реакторында жұмадан сенбіге қараған түні сұйық натрийдің төгілуін көрсетіп, 4 рет апат дабылы іске қосылған, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Алайда, атом энергиясын зерделеу және әзірлеу агенттігінің операторы хабарлағандай, барлық аспаптардың ішінен тек біреуі ғана іске қосылған. Әрі сұйық натрий төгілген жағдайда, оны сіңіріп алатын фильтрден қауіпті ештеңе табылмаған. Демек, дабыл аспабы өздігінен қосылып кеткен болуы мүмкін деген тұжырым жасалды. Алайда, бұған алаңдаушылық тудыруға негіз болатын мысал бар. 1995 жылы реактор іске қосылғаннан кейін бірнеше айдан соң ғана суытудың қосалқы жүйесінде натрийдің төгілгендігі анықталған.

Соңғы жаңалықтар