Жапонияда аты аңызға айналған Toyota компаниясының басшысы көз жұмды
АСТАНА.17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапонияда 101 жасында аты аңызға айналған Toyota компаниясының басшысы Эйдзи Тойода көз жұмды. Ол компанияны 1967 жылдан бастап 1982 жылдар аралығында басқарды, деп хабарлайды РБК.
Жапония бренді дәл осы Тойоданың тұсында әлемге танылды. Соның ішінде, АҚШ-та Toyota автокөліктерін сату оның осы компанияда жұмыс істеген кезінде басталған. Бүгінгі күні бұл - Жапония бренді үшін ірі нарықтардың бірі.
Қазіргі уақытта Toyota компаниясын Тойода династиясы басқарады. Өндірісті бес жыл бойы осы қызметті атқарған Акио Тойода басқарады.