09:21, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Жапонияда ауа райының қолайсыздығы салдарынан 4 бірдей балық аулайтын кеме аударылып қалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Жапонияда орын алған қолайсыз ауа райы салдарынан бірден 4 балық аулайтын кеме аударылды. Кем дегенде екі адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Үш шхуна Нагасаки префектурасындағы Цусима аралының жағалауында, тағы біреуі - Симоносэки қаласының (Ямагути префектурасы) жанында аударылған. Адамдар аман.