Жапонияда әуежайлар жабылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токиода қалың қардың түсуінен қаладағы жағдай қиындай түсті. Белгілі болғандай, бұндай қар Жапония астанасында 13 жылдан бері болмапты.

Жапонияда әуежайлар жабылып жатыр

Бұл елде қазіргі уақытта жүздеген әуе бағыттары тоқтатылып, пойыздар қозғалысы бұзылды. Атап айтқанда, Хиросима мен Кагава әуежайлары уақытша жабылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ауа райының тосын құбылысынан ел астанасында түрлі деңгейде жарақат алғандардың саны артып отыр.