Жапонияда балаларды әкеле жатқан автобус апатқа ұшырады
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияда балабақшаға бара жатқан автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылды. Оқиға Цукуба қаласында оран алған.
Апаттың салдарынан 30 бала мен 4 ересек ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары хабарлады, деп жазды утро. ру.
Автобус жүргізушісінің сөзіне қарағанда, басты жолмен келе жатқанда кенеттен сол жақтан жеңіл көлік шыққан, соқтығысудың алдын алмақ болған ол басқару тетігіне ие бола алмай қалған.