Жапонияда балықшылар сирек кездесетін аузы үлкен акуланы ұстап алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда балықшылар сирек кездесетін аузы үлкен акуланы ұстады, деп хабарлады 7News.
«Бұл акула планктон мен өзге де азықты аулау үшін аузын ашып жүзеді», - деп жазды басылым.
Ұзындығы шамамен бес метрді құрайтын акула Миэ префектурасында ОВАС портынан бес шақырым жердегі балықшылардың торына түсті. Оның салмағы шамамен бір тоннаны құрады. Оны жапониялық мейрамхана сатып алды.
Ғалымдар атап өткендей, аузы үлкен акулалар күндіз 120-160 метр тереңдікте жүзеді, ал түнде 12-25 метрге жақындайды.