Жапонияда басынан бақайшығына дейін қаруланған 4 тонналық робот жасалды

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Жапония «Куратас» атты секундына 100 зарядтық жылдамдықпен оқ атып, қираған ғимаратқа кіріп, өрт сөндіре алатын 4 метрлік робот жасап шығарды. Бұл туралы baq.kz порталы жазады.
None
None

The Guardian ақпаратына сәйкес, 4,5 тонна болатын алып құлтемір жаңа «РобоКоп» атауын иеленуі мүмкін. Робот кузовта отыратын жүргізушімен және 3G желісіне қосылған смартфонның көмегімен бақыланады. Алып құлтемір Токиодағы «Ғажайыптар фестивалінде» көрсетілген. Машина дизельді жанармайдың көмегімен жұмыс істейді, алайда болашақта қуат көзінің экологиялық таза түрін жасау жоспарланған. Робот әскери және бейбіт режимге қарай өзгерістер енгізілуге бейім.
Suidobashi компаниясындағы құрастырушылардың сөзіне қарағанда, жаңа құрылғыны өрт сөндіру мен қирандыларды тазалау сынды бейбіт мақсаттарға пайдалану көзделуде.

Соңғы жаңалықтар