Жапонияда бес адамды бауыздап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы Сумото қаласында пышақпен қаруланған ер адамның шабуылы салдарынан бес адам ажал құшты.
Жергілікті БАҚ ақпаратынша, күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, 40 жастағы ер адам бес адамға дүйсенбі күні таңертең шабуыл жасаған.
Оның бұл әрекетке итермелеген себептер туралы хабарланбай отыр.