12:24, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Жапонияда бейсенбі күні алты рет жер сілкінді
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда бейсенбі күні магнитудасы 5,0-ден 6,1-ге дейін жеткен алты рет жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Ұлттық геология қызметiнiң деректері бойынша, олардың барлығы Хонсю аралына жақын маңда болған,
деп жазады РБК.
Зілзаланың ең күштісі ел астанасы Токио қаласынан 64 шақырым жерде тіркелді. Жер асты дүмпуі 42,9 шақырым тереңдікте болды.
Соңғы жер сiлкiнісі құрғақ жерге ең жақыны болып шықты - олар Иваки қаласынан 61 шақырым және Фукусима қаласынан 76 шақырым қашықтықта тіркелген. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 36,6 шақырымды құрады.
Құрбандар мен ғимараттардың қирағаны, сонымен бiрге цунами қаупі туралы мәлiметтер түспедi.