Жапонияда бір аптада 5,5 мыңнан астам адам аптап ыстықтан ауруханаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат -Жапониядағы ыстық ауа райынан соңғы аптада 5,5 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Жапонияның Бас өрт сөндіру басқармасы хабарлады, деп жазды ТАСС.
Үкіметтің бағалауынша, шетелдік қонақтар үйренбеген өте ыстық және ылғалды ауа райы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының басты мәселесіне айналуы мүмкін. Қауіп деңгейін түсіру үшін билік ыстық ауа райын ескертетін арнайы төрт балдық жүйе жасауды ойластырып отыр, деп хабарлады Эн-эйч-кей телеарнасы. Бұл үшін барлық қалаға сынап бағаналары орнатылуы тиіс.
Жапониядағы ең ыстық ауау райы маусым айының ортасында тіркелді.