22:00, 20 Қараша 2014 | GMT +5
Жапонияда бірнеше күйеуін өлтірді деген күдікпен 67 жастағы әйел ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония полициясы бірнеше күйеуі және бірге тұрған көңілдестерін де өлтірді деген күдікпен 67 жастағы әйелді қамауға алып, үйінде тінту жүргізді, деп хабарлады ВВС.

Тисако Какехи есімді әйел сәрсенбі күні өзінің соңғы күйеуі Исаоны цианды калиймен улап өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Тексере келгенде бұл умен оған дейін де 2012 жылы тағы бір ер адам өлтірілгені анықталды. Тексере келгенде ол да өмірінің соңғы күндерінде Какехимен кездескені белгілі болған. Таратылған ақпаратқа сүйенсек, тағы төрт ер адам Какехиді әйелдікке алғаннан кейін немесе онымен кездесіп жүргенде өмірден өткен. Ал, ол қайтыс болған күйеулерінен 800 мыңнан астам доллар «олжалапты». Алайда, Тисако Какехидің ешкімді де өлтірмененін айтып, тағылған кінәні мойындамай отыр, деп жазады ақпарат көзі.