Жапонияда «Чаба» тайфуны кесірінен 85 авиарейс тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония авиакомпаниялары жойқын «Чаба» тайфуны жақындап қалғандықтан ішкі 85 әуе рейсін тоқтатты. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.
Осылайша елдің оңтүстік батысындағы бағдарлар кейінге қалдырылуда. Жапонияның Метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, қазір тропикалық дауыл Кюсю аралының солтүстік батысында өршіп тұр. Желдің жылдамдығы секундына 40 метрге, ал оның ұйытқуы секундына 60 метрге жеткен. Бірқатар өңірлерде 200 мм жауын-шашын түсуі мүмкін.