Жапонияда доллар 1945 жылғы рекордты жаңартты

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Доллар Тынық мұхиты аймақтарының нарығында соғыстан кейінгі Жапонияның деңгейінен де түсіп, ең төменгі рекордтық көрсеткішке - 75,32 иенге жетті.

Жапонияда доллар 1945 жылғы рекордты жаңартты

Жапонияда доллардың құлдырауы бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Ол АҚШ-тағы экономикалық түйткілдер мен еуропалық елдердегі іскерлік дағдарысқа байланысты, деп хабарлайды bnews.kz порталы Утро.ru сайтына сілтеме жасап

Жапония билігі валюталық интервенция қабылдауға асығар емес, соның арқасында иен нығая түсуде. Сарапшылардың пікірінше, жапон үкіметі алдын ала барлық амалдарды қарастыратын болады.